Шағын несиелеу бағдарламасы бойынша 1 млрд 114 млн теңгенің 260 өтінімі мақұлданды. Қазірдің өзінде 173 адам өз ісін бастауға қаражат алып үлгерді. Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингіне келген "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары  Нұржан Әлтаев палата жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Қазіргі таңда ел аумағында 1 млн 200 мыңнан астам шағын және орта бизнес субьектілері тіркелген. Салада жұмыспен қамтылғандар саны 3 млн адамнан асады. Ендігі меже  ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық табысын арттыру. Өйткені ішкі сұранысқа құрылған импортты алмастыру орасан зор пайда әкелмейді. Атап айтсақ, палата агро-өнеркәсіп кешенін дамытудың салалық мемлекеттік бағдарламасына түзетулер енгізу қажеттілігін айтады. 

 

Әлтаев Нұржан, ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары:

Есіңізде болса осыдан бір 4-5жыл бұрын Елбасы айтқан болатын 2050жылға дейін біз шағын және орта бизнестің жалпы ұлттық өнімдегі үлесін 50пайызға дейін жеткізуіміз керек деп. сол кезде бұл өте қиын, жете алмайтындай болып көрінген еді. Өйткені 2006жылы бұл 10пайыздан аспайтын.  Ал, 2015жылдың ішінде біз 25,6пайызға жетіп отырмыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер