Отандық өнімнің орны бөлек. Астанада жақында ашылған сауда орталығы. қазақстандық тауармен толығуда. Бір жерге топтасқан тек ұлттық брендті тұтынушылардың қатары  күн санап артып келеді. Қазақстандық кәсіпкерлер сұранысты саралап, ұсынысты қабылдап, тұтынушыға өз өнімін беруге әзір. Отандық өнімнің басын қосқан алаңнын артықшылығы- сатушылар орынды жалға алу үшін ақы төлемейді. Тауарын тегін қояды. Тиісінше бағасы екі есе арзан.

 

Берік Аспандияр, қала тұрғыны:

Жақсы екен, сапасы да жақсы екен. Балаларға арналған кереует көрдік. Болады екен, бағасы да арзан.

 

Бірегей бастаманы көтерген «Халық маркасы» федерациясы 200-ден астам кәсіпкермен келіссөз жүргізуде. Жоба сәтті жүзеге асса, сауда орталығының қос қабаты кіл отандық тауарға толады. Ұйымдастырушылар, бұл қадам арқылы өз брендімізді кеңінен насихаттауды көздеген. 

 

Римма Тәжібаева, "Халық маркасы" қазақстандық тауар мен қызмет сапасын бақылау жүйесі федерациясының президенті:

Қыркүйектің аяғына дейін осы 5 мың шаршы бүкілі толып, ары қарай 10 мың шаршы деп осы 5-ші, 3-ші этажының бәрін Қазақстанда жасалған деген үлкен халық маркасы деген павильонды ары қарай ашуы жалғаса береді.

 

Бүгінге дейін бұл павильонда 100 шақты компания өз орнын алып үлгерді. 10 мыңнан астам отандық тауардың үлгісі бар. Әзірге Астанада ғана жұмысын бастаған тың жоба сәтті жүзеге асса, өзге шаһарларда да халық маркасы сауда алаңдары ашылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер