Ирак астанасы Бағдат қаласында болған жарылыс 9 адамның өмірін қиды. Оқиға кезінде 20 шақты кісі жарақат алды. Қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары. Оқиға шаһардың Әл-Каррада ауданында аурухана маңында болған. Рейтер агенттігі шабуылдың онда жиналған шейіттерге қарсы жасалғанын хабарлап отыр. Автокөлік ішіне орнатылған жарылғыш затты жанкешті іске қосқан көрінеді.  Жарылыс үшін жауапкершілікті атышулы Ирак пен Левант лаңкестік тобы  мойнына алған. Бұл  ұйым елдің біраз бөлігін өз уысында ұстап отыр. Бұған қоса, содырлардың лаңкестік шабуылдарынан жиі бейбіт тұрғындар қаза тауып жатады.

 

 

 

Сурет: www.ridus.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер