Өңірлердің өзара байланысын арттыру үшін Солтүстік Қазақстан облысының сала мамандары мен кәсіпкерлерінен құралған топ Атырауға барды.  Солтүстіктегі 49 машина жасау кәсіпорнының 28-і мұнай-газ саласына арналған қондырғылар шығарады. Осы ірі зауыттардың өкілдері өз өнімдерін Атыраулық мұнай-газ кеніштерін игеруші компанияларға ұсынды. Жалпы екі облыс арасындағы іскерлік сауда-саттық және әріптестік байланыс түрлі сала бойынша дамып келеді. Мәселен бұған дейін Атыраудан мұнай және балық өнімдері, ал солтүстіктен ағаш өнімдері мен металл бұйымдары жеткізілген.  Ал ендігі кезекте мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, тамақ өнеркәсібі және ауылшаруашылығы салаларындағы іскерлік қатынасқа баса мән берілмек.  

 

ДИЯС ЖӘНІБЕКОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

 Биылғы жылдың 7 айына дейінгі көрсеткіш бойынша екі облыс арасындағы жалпы тауар айналымы  183 миллирад теңгені құрады. Оның ішінде 182 млрд теңгенің өнімі Атыраудан Солтүстік Қазақстанға тасымалданса, 1 мдрд теңгенің тауары біздің облысқа әкелінген. Бүгінгі іскерлік кездесулерден соң  бұл көрсеткіш анағұрлым артады деп есептейміз.    

 

РАТМИР АХМЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің облыстағы машина жасау зауыттарының өндірістік қуаты жоғары бола тұра тек 20 пайызға ғана жұмыс істеп тұр. Өйткені өнімді өткізу қиын. Осы мақсатта біз мұнай-газ секторына қондырғылар шығаратын ірі кәсіпорындардың өкілдерін арнайы алып келіп отырмыз. Екіжақты байланысты дамыту арқылы отандық өндірісті дамытып, біріккен кәсіпорындардағы  Қазақстандық үлесті арттырамыз деген сенімдеміз.

 

 

 

 

Сурет: energonews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер