Қазақстанның G20 саммитіне қатысуы ел үшін үлкен құрмет. Қытайға сапарын қорытындылауға арналған  брифингете  Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Отандық журналистермен сұхбаттасқан елбасы үлкен  жиырмалықтың жиыны мен көшбасшылармен өткен кездесулердің маңызына тоқталды. Күрделі кезеңде  өтіп жатқан саммиттің, шын мәнісінде берері мол. Көшбасшылар  экономикалық дағдарысты еңсеріп, өсімге қол жеткізудің тәсілін іздестіруде. Президенттің айтуынша, теңдестірілген жаһандық  экономикада АҚШ нық сеніммен тұрса, Еуропа мемлекеттері мен дамушы елдер  экономикалы,  әлеуметтік мәселелер, алаңдаушылық білдіруде. Саммиттің мәртебелі мейманы атанған Нұрсұлтан  Назарбаев та жаһандық экономикалық жағдайларға байланысты Қазақстан ұсыныстарын ортаға салды. Елбасы пікірінше, экономика мен қаржыны, халықаралық тұрғыдан реттеуді біртұтас жаһандық ұйым  атқаруы тиіс. Бұдан бөлек, әлем экономикасын жандандыру үшін жаңа индустриялық революция қажет. 

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ   

Қазақстанды ең ірі мемлекеттердің саммитіне шақыруы ҚХР Қазақстанға көрсеткен ең үлкен  құрметі. 20 ең зор мемлекеттердің басшылары жиналғанда барық планетаның арасында жүргендей боп  көрінесің. 04.35. Мен сөйлескен Индия Премьер-министрі, Қытайменен жеке келіссөздер жүргіздік,  Еуропаның басшылары, Англияның басшылары, Барак Обамамен жақсы әңгіме болды. Ол енді кетіп  бара жатыр. Дегенмен де, 8 жлдағы бірге істеген жұмысымызды қорытындылап, екі елдің арасындағы  қарым-қатынас дұрыс болды, жақсы болды деген қорытындығы келдік. 05.05. Сондықтан ойлаймын  еліміз үшін дұрыс керекті, сапар болды. Біз Қазақстанымыздың дүниежүзіне тағы бір рет көрсетіп,  ірі-ірі басшылармен келіссөздер жүргізуге қол жеткіздік.

 

Брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаев  Астана мен Пекин ынтымағының негізгі бағыттарын айтып берді. Бұл орайда, саммит қарсаңында, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кездесу жемісті  болды. Тараптар  Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін Қытайға экспорттауға уағдаласты. Бұдан  бөлек, логистика көлік саласындағы ынтымақтастық та  тереңдей береді. Елбасының айтуынша, бес  жылда Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен 50 жаңа кәсіпорын бой көтереді. Бұл жобалар  дайын өнім шығаруға бағытталған. Олардың жалпы сомасы 26 млрд доллар. Бұның барлығы  алыс-берісті  ұлғайтуға  түрткі болмақ. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналым 10 млрд доллардан асқан. Алдағы  уақытта екі ел,, әскери ынтымақтастықты да арттыруға ниет танытып отыр. Қазақстан Қытайдың  кибер-қауіпсіздік саласындағы жаңа технологияларын игеруге дайын.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Қазіргі уақытта дүниедегі барлық қаржы орталықтары жабық кезде, ешкімге бермей  жатқан кезде Қазақстанға қарай осындай көңіл бөлуі экономикамыз үшін өте пайдалы. Ал енді ауыл  шаруашылығына келетін болсақ тұңғыш рет Қазақстанның бидайын, басқа да дәнді-дақылдарды, өсімдік  майын, ет, нан деген тамақтарды Қытайға беру мәселесіне келістік. Биылғы жылы астық бізде де  мол, Ресейде де мол. Қиын боп жатқан кезде 500 мың немесе, 1 млн тоннаға жақын астықты Қытайға  шығаратын болсақ, біздің ауыл шаруашылығы компаниялары үшін бұл өте пайдалаы болады. Инфраструктура, жол салу мәселесі, өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда жүріп жатыр. Тұрғын үй  салуға, соның барлығын қаржыландыруға Қытай компаниялары, банктері өз үлесін қосатын болады.

 

Сурет: akorda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер