«Жасыл» технологиялар» халық академиясы»-ның жыл ішінде қол жеткізген жетістігі халыққа жол тартты.  Астана дүкендеріне жергілікті өңірде  өсірілген «КЗ Органик» өнімдері жеткізілуде.  Бұл Жалпы орталық аз уақыттың ішінде 25 «жасыл» технологияны игерген. Мамандар ауыл тұрғындары мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген үш мыңдай адамға  экологиялық таза өнімді мол алуға септігін тигізетін технологияларды үйретуде. Академияның 4 облыста бөлімшесі бар. 

 

Салтанат РАҚЫМБЕКОВА, «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАНЫ ҚОЛДАУ МЕН G-GLOBAL ДАМЫТУ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ» БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Баламалы энергия көздерінің арқасында көмір жағуды 40 пайызға, экологияға келтірген залалдар бойынша айыппұл көрсеткішін 90 пайызға дейін төмендеттік. Осы жерде екі жылыжай болғанымен су шығыны 70 пайызға азайды. Сөйте тұра осы уақытқа дейін 3 тонна өнім алдық. Ал, жарықтандырудағы үнемдеу 50 пайызға жетті. Енді қазір ауыл тұрғындарына кішігірім жылыжай ұсынғымыз келеді. Оның өзінен мол өнім жинауға болады. Сондай-ақ, дәл осы жердегідей орталық Қарағанды, Алматы, Қостанай және Жамбыл облыстарында ашылуда.

 

Жасыл экономиканы дамытуға Бірккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы арқылы қолдау көрсетіліп келеді. 23 жылдың ішінде халықаралық ұйым 20 млн доллар қаржы тартқан. Бір айта кетерлігі, бұл қаржының барлығы қайтарымсыз.  

 

Мунхтуя АЛТАНГЕРЕЛ, БҰҰ ДБ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерде қаржы бөлу мен керек-жарақты сатып алу ашық түрде жүзеге асады. Сондықтан, осы жылыжайдағы жасыл технология ауыл мен оның тұрғындарының игілігіне жұмыс істейтін болады. Барлық мүлік осы жерде қалады. Қаржы да қайтарымсыз. Сондай-ақ, Үкіметпен бірлесіп қаржыландырылып жатқан жобалар да бар. Олар осы Арнасайдағы жасыл технологияны үлгі ретінде ала отырып, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жүзеге аса бастаған жобалар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер