Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жеделхатта Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтің дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтқан. «Қазақстандықтар - бұл мезгілсіз әрі орны толмас қазаның ауыртпалығын бауырлас Өзбекстан халқымен бірге бөліседі. 30 жылдай қанаттаса жұмыс істеген досымнан айырылғаныма қайғырамын», – делінген жеделхатта. «Ол өзінің бүкіл өмірін туған халқына қалтқысыз қызмет етуге арнады  әрдайым Қазақстанның сенімді досы болды және біздің халықтарымыздың арасында достық пен тату көршіліктің нығая түсуіне үлкен үлес қосты», – деп  Елбасы Ислам Каримовтің туыстары мен жақындарына және елдің басшылығы мен бауырлас Өзбекстан халқына аса қайғырып көңіл айтты.

 

 

 

Сурет: www.ratel.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер