Бүгінге дейін салық төлемей келген кәсіпорындардан 37 млрд теңгеден астам қаржы мемлекет қазынасына өндірілді. Мұндай көрсеткішті Экономикалық тергеу қызметінің басқарма басшысының орынбасары баспасөз жиынында мәлімдеді. Абзал Байманов аталған сома осы уақытқай дейін анықталған залалдың тек 70% екенін айтады. Кәсіпорындар мен компанияларға салықтан жалтаруға ұйымдасқан қылмыстық топ көмектеседі. Ел бойынша осындай 12 топ анықталған. Қазір топтың мүшелері жазасын өтеп жатыр.  

 

Абзал Байманов, Экономикалық тергеу қызметі басқарма басшысының орынбасары

Биыл экономикалық тергеу қызметінде жалған кәсіпкерлік бойынша 1374 және салық төлеуден жалтару бойынша 557 қылмыстық іс тіркелді. Заңды тұлғалар көбінесе жалған мекемелер арқылы салық төлеуден қашып жүреді. Осындай жүйе белең алған. 

 

Сурет: gejzer.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер