Павлодарлық оқушылар жаңа оқу жылын бірыңғай мектеп киімімен бастады. Біркелкі костюмдерді тігуге ата-аналардан өңірдің 6 бірдей фабрикасы тапсырыс алған. Олар 50 мың киім үлгісін тіккен. Облыстық білім беру басқармасы балалардың оқулықпен және мектеп формасымен 100% қамтылғанын хабарлады.

 

ЛӘЙЛӘ ЖҮНІСОВА, №37 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

«Осы қыркүйек айынан бастап 15 сынып гимназия сыныптар қатарына енгізіледі. Жекелеген пәндерді оқыту бойынша 9 пән қосылады және осыларды оқытатын мектебіміздің бірінші және жоғары санатты мұғалімдеріміз 64 пайызға жетіп отыр. Сонымен қатар бүгінде «Кембридж» бағдарламасы бойынша деңгейлі оқу курстарын бітірген мектебімізде мұғалімдер саны 19-ға жетті».

 

Жаңа оқу жылының басты жаңалығы - оқушылардың жаппай мектеп формасына көшуі. Қара- көк түсті таңдаған мектеп басшылығы балалар басқа мектепке аусып жатса, ата-аналар  киім іздеп сабылмайды,-дейді. Оқушыларды мектеп формасымен қамтуға жергілікті тігін фабрикалары атсалысқан.

 

СТАНИСЛАВ ГУДЗЕНКО, ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  

«Жұмыс өте қызық болды. Өйткені мектеп формасын біз алғаш рет тігіп отырмыз.Біз үшін  бұл үлкен сынақ. Матаны да  мұқият таңдадық»

 

Соңғы 3 жылда өңірде мектеп оқушыларының саны 10 мыңға көбейген. Бала санының артуы халықтың әлеуметтік әл-ауқатының жақсарғанын айғақтайды. Алғашқы қоңырау облыстағы 389 мектепте соғылды. 12 мың бұлдіршін мектеп табалдырығын аттады.

 

Сурет: liter.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер