Еліміздегі медициналық мекемелердің қолданысындағы шприцтердің басым бөлігі Атырауда жасалады. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған зауыт бүгінде толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Мамандар былтыр 2 млрд теңгенің тауарын шығарып, мемлекет қазынасына 400 млн теңге салық төледі. Зауыттың өнімі ішкі нарыққа да экспортқа да шығарылуда.

 

МҰХТАР МАХМЕТОВ, ЗАУЫТТЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: 

Ресей мемлекетіне өнімімізді шығаруды бастадық. Алғашында олар бізден азғантай партияда алып қарады оларға ұнады сол себептен жаңа контракт жасап, шығарып жатырмыз. Алдағы уақытта көлемі көбейеді деп ойлаймыз және де шприцтан бөлек 40 млн дана перчатька шығарамыз медицицналық. Шприцты биылға 75-80 млн дана шығарып жатырмыз.   

 

Кәсіпорын экспортқа қана емес, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс  істейді.  Зауыт отандық медициналық мекемелермен ұзақ мерзімді, 7 жылдық келісімшартқа отырған. Соның арқасында жергілікті медициналық қызмет көрсетуші мекемелер өз елімізде өндірілген арзан бағалы құралдарды пайдаланып отыр.

 

ГҮЛМИРА ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ТІС ДӘРІГЕРІ:

Енді алға қарай жұмысымды осы бағытта жалғастырам деймін. Мүмкіндік болып жатса басқа да услуга, қызмет түрлерін көбейтемін бе деп отырмын. Қосымша ғимарат салып, алдағы уақыт көрсетеді оны. Қазір тұрғындарға мелицианлық көмек жасап отырмын барлық еңдегімді салып.      

 

Өткен жылдан бастап зауыт тек шприцтер ғана емес бір рет пайдаланылатын медициналық қолғаптар мен қан тамырларына дәрі егетін құрылғылар  шығара бастады. Зауыт жылына 200 млн дана медициналық қолғап, 30 млн. дана тамырға дәрі айдайтын құрылғылар  шығаруға қауқарлы. 100-ге  тарта жас маманды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын тапсырыс болса, өнім көлемін бірнеше есеге арттыруға дайын.

 

Сурет: ru.sputniknewslv.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер