Бүгін 2016 жылғы «Мерейлі отбасы» байқауының финалына өткен қатысушыларға дауыс беру басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

 

2-9 қыркүйек аралығында 6284 қысқа нөміріне хабарлама жіберу және 8 803 080 0001, 8 803 080 0016 телефонына қоңырау шалу арқылы жеңіске лайықты отбасыны таңдай аласыз. KazTube порталында да дауыс беруге болады.

 

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауы аудандық (қалалық), облыстық және республикалық 3 кезеңнен тұрады. Байқаудың финалы – республикалық кезеңге әр аймақ пен Астана және Алматы қалаларынан 16 отбасы өтті. 

 

Сурет: muslim.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер