Рио Олимпиадасының жүлдегерлері елордалық оқушыларды Білім күнімен құттықтады. Данияр Елеусінов, Василий Левит және Гюзель Манюрова жаңа оқу жылының басталуына орай, "Нұр Орда" мектебіне барып, алғашқы қоңырау салтанатына қатысты. Спорт саңлақтары балаларға білім жолында жаңа жетістіктерге жетуін тіледі. Биыл бұл мектепте 110 бала бірінші сыныпқа қабылданып отыр.

 

Райымбек Құтым, 1 сынып оқушысы:

Отан осы, достарым. Көңілге мұны түйе біл. "Отан" деп өс, жас қауым. Оны ардақтап, сүйе біл. Алға Қазақстан! Алға "Нұр Орда"!

 

Асия Марат, 1 сынып оқушысы:

00,45 Мұғалім "отыр" дегенде отырамын, "шулама" дегенде шуламаймын, "сабақты істе" дегенде істеймін. Мен апайды тыңдаймын.

 

Василий Левит, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері:

Мектепте оқыған кезде мен жуас болатынмын. Тіпті, біреумен төбелесіп те көрмеппін. Қақтығыстарды күшпен емес, сөзбен шешу қағидасын ұстанатынмын. Оның үстіне менің анам сынып жетекшім еді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер