Шығысқазақстанда биыл 102 мектеп «Электронды күнделік» жобасына көшеді. Бүгінде  арнайы курстан өткен 200-ден астам мұғалім, жаңа оқу жылын жаңалықпен бастауға сақадай сай. «Электронды күнделік» жобасы - сынып журналын, оқушылар күнделігін және мектеп  рейтингісін қамтитын бірыңғай жүйе. Мамандардың айтуынша, аталған жаңалықтың тиімді тұстары жетерлік. Үш мәлімет біріктірілгендіктен электронды күнделік  мұғалімдерді аз да болсын қағазбастылықтан арылтады. Ата-аналар кез-келген уақытта сабақ кестесіндегі өзгерісті көріп, баласының алған бағаларымен танысады. Ал оқушылар үй тапсырмасын орындауда ұстаздарынан  кеңес сұрай алады. 

 

Айнұр Қожахметова  мектеп мұғалімі:

Снх: Журналды бұрын бұлғап алатынбыз деп қорқатынбыз, ал мында қате жіберсең соны түзетіп қайтадан қателерді түзетуге болады. Сондықтан қиындық жағы тек уақыт деп ойлаймын.

 

Сергей Коваленко, өңірлік жаңа технологиялар орталығының директоры:

Жобаға кіріспес бұрын арнайы сауалнама жүргізіп,электронды күнделікті қолданудағы  ең жиі  жіберілетін қателерді анықтадық. Олар сервер қызметінің аяқ асты тоқтап  қалуы, ғаламтор желісінің баялауы сияқты проблемалар. қазір сол кемшіліктерді жойып жатырмыз. Бағдарламаны хакерлерден қорғау жағы да орталықпен қарастырылған.

 

 

 

Сурет: www.nur.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер