Кәдімгі қамыстың ұнтағынан жасалатын жалпақ тақтайшалар Оңтүстік Қазақстан облысында шығарылмақ. Кәсіпорын Отырар ауданында салынды. Қазір онда шетелдің озық қондырғыларын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Зауытқа қажет шикізат сондағы өзен ұлтанынан алынады. Оны жинайтын арнайы техника да бар. Комбайн күніне 4,5 мың бау қамыс орады. Жиналған өнім арнайы қондырғының көмегімен ұнтақталып сығымдалады. Қамыс тақтайлар ағаш ұнтағынан жасалған өнімдерге қарағанда екі есе арзан, әрі су тисе үгітіліп кетпейді, дейді мамандар. Индустриалды аймаққа кіретін кәсіпорынды салуға 642 миллион теңге қаржы жұмсалған. Зауыт жылына 10 мың шаршы метрге дейін өнім шығаруға қауқарлы. Сырдария өзені мен оның жанындағы көлдерде қамыс қалың өседі. Сондықтан шикізаттан тапшылық болмайды әрі сұраныс та көп, дейді кәсіпкер.

 

Ақсәуле Жандарбекова, кәсіпорынның коммерциялық директоры:

Біз осы бағытта аздаған зерттеу жұмыстарын жүргізіп көрдік.Бұл өнім біздің нарыққа көрші Ресей мен Қытайдан әкелінеді екен. Әрине жергілікті жерде өндірілген өнім өзгеніңкіне қарағанда сапасы мықты бағасы да арзан болады. Бұл өнімге сұраныс өте көп. Бізде тіпті алдын-ала жасалып қойған келісімдер де бар.

 

 

 

 

Сурет: www.norstar.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер