Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында аймақтағы кәсіпкерлер бұрын жүзеге асырылмаған тың жобаларды да игере бастады. Атырау облысының Жылыой ауданындағы бизнес өкілдері инновациялық жобаларды қолға алды. Жергілікті өнім ауданның өз қажетіне жаратылуда.   Мына кәсіпорындағы жалпы құны 49 млн теңгеге жуық асфальт зауыты    автоматтанды қондырғылармен жабдықталған. Күніне 360 тонна өнім шығарады.

 

Мереке Иманбаев, кәсіпкер:

Биылдан бастап өз өнімімізді шығара бастадым. Негізгі заказщигіміз «Атырау-Көлік» мекемесі тендерден «Ақкиізтоғай» жолын ұтып алған соған өз өнімімізді беріп жатырмыз. Мемлекеттің көмегі арқылы ғой бәрі де жасалып жатқаны. Осы мемлекетімізге рахмет дейміз.

 

Инновациялық жобаның артықшылығы - түрлі тұрақтандырғыш қоспасы бар асфальт жасалады. Яғни жол-құрылысына пайдаланатын сапалы шикізат шығаруға, су өткізбеуге және жоғары қысымда төзімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жергілікті өнім болғандықтан бағасы да төмен.

 

Ернар Смағұлов,  Жылыой аудандық ТКШ бөлім басшысы:

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында 2013 жылдан бері Құлсары қаласында жалпы 26 шақырым жолдың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келді. Қазіргі таңда жұмыс толықтай демегенмен 95 пайызға аяқталды.    

 

Құлсары қаласының ішкі жолдары мен көшелерінде 83 шақырым және аудан орталығынан - Ақкиізтоғай,  Жаңа Қаратон, Шоқпартоғай ауылдарына қатынайтын 80 шақырымға жуық жол күрделі жөндеуден өткізіліп, асфальт төселмек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер