Ақтау тұрғындары жағалаудан өлген ірі жыртқыш теңіз балығын тауып алды. Әдетте мұхиттарда мекендейтін су тағысы Ақтау портына кіретін кемелермен еріп келді деген болжам бар. Сапар кезінде су көлігін ауытқытпай тең ұстап тұратын балласт есебінде су жиналады. Арнаулы цистернадағы су кеме айлаққа жақындағанда теңізге жіберіледі. Тұтас-балық осы мезгілде айдынға түсіп қалуы мүмкін. Экологтардың айтуынша,, балықтың бұл түрі, Каспийде мүлдем кездеспейді.

 

Кирилл ОСИН, ЭКОЛОГ:

Шаһардағы көптеген қонақүйлерде теңіз балығын немесе өсімдіктерін  өсіру үшін су құйылған шыны қабырғалар орнатылған. Тұтасбалық осындай жерлерде болмаса үйдегі аквариумда ұсталуы мүмкін. Әлдекім сынақ ретінде теңізге жіберіп, көз жазып қалуы да ғажап емес.

 

 

 

Фото: dixinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер