Сенат төрағасы антиядролық форумға қатысуға келген мәртебелі меймандармен кездесті. Атап айтқанда Қасым-Жомарт Тоқаев, Болгарияның вице-президенті Маргарита Поповамен жүздесті. Әңгімелесу барысында "Әлем. 21 ғасыр" манифесін белсенді қолдағаны үшін мейманға алғыс айтты. Сондай-ақ, екі ел арасындағы парламентаралық байланыстар мен сауда-экономикалық әріптестіктің келешегі зор екенін алға тартты. Ал, Панафрикалық парламенттің Президенті Роджер Нкода Дангпен кездесуде Астана антиядролық конференциясының қорытындыларын талқылады. Бұдан бөлек, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы парламенттік ассамблеясының вице-президентін, Әзірбайжан Милли Меджлисінің депутаты Азай Гулиевті қабылдады. Оңтүстік Африка парламентінің мүшесі Йоханнес Разерити Таумен, БҰҰ бас хатшысының қарусыздану мәселелер жөніндегі бұрынғы жоғары өкілі Серхио Дуартемен де кездесті.

 

 

 

 

Сурет: kaz.tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер