Болгария «Экспо 2017» көрмесіне ұсынатын жобаларын алдағы бір ай ішінде нақтылайды. Қазір ол бойынша тыңғылықты дайындық жүргізілуде.  Бұл туралы Болгария Республикасының вице-президенті Маргарита Попова ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуінде мәлімдеді. Қос тарап өзге салар бойыншада әріптестікті дамытуға мүдделі. Мәселен бізде болгар кәсіпорындарының қатысуымен технологиялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға болады.   

 

Маргарита ПОПОВА, БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз Еуродақ елдерімен көптеген жобаларды іске асырдық. Ол енді сауда-саттық, құрылыс тағы басқа бағыттар. Егер қажеттік туындаса сол тәжірибемізді Қазақстанмен бөлісуге әзірміз. Әзірше біздің қарым-қатынас негізінен мәдени-гуманитарлық сала болып тұр.  

 

Айта кетейік, Болгария - Қазақстанның Қара теңіз өңірі мен Балқан түбегіндегі негізгі әріптесі. Екі еле арасындағы жылдық тауар айналым 110 млн АҚШ долларының айналасында.

 

 

 

 

Сурет: www.dailypress.bg

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер