"Қазақстан Конституциясында ұлтаралық қарым-қатынасты реттеуге және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған нақты нормалар бекітілген. Бұл ережелер бүгінгі таңда көпұлтты елдің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз етуде. Сондықтан Қазақстандық патриотизм көп елге үлгі."  Елордада өткен халықаралық заң форумына қатысушы сарапшылар пікірі осындай.  Шараға Қазақстан, Ресей, Германия, Түркия елдерінің мамандары мен 5 халықаралық ұйымның сарапшылары қатысты. Заңгерлер бас қосан жиында Қазақстан мен өзге елдердің Ата заңы арасындағы байланыс, сот билігінің дамуы мен еліміздің егемендігін айқындайтын құжаттың қоғам өміріндегі рөлі талқыланды.

 

Игорь Рогов - ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы:

Ата Заңымыз еліміздің әлеуметітк-эономикалық дамуының кепілі. Конституция мемлекеттің тірегі  саналатын  территориялық бүтіндікті, егемендікті, мелмекеттік тілімізді, адам құқықтарын қорғауды қаматамасыз етті. Егемендігімізді айшықтайтын маңызды құжатта - халықаралық стандарттар мен ұлттық құндылықтарымыз айқындалған

 

«Қазақстанның Ата Заңы - әлемдегі ең өркениетті Конституциялардың бірі». Еуразия ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқан шетелдік мамандар осындай ойларымен бөлісті. Жиынға Германия, Украина, Армения, Ресей және Беларусь елдерінің заңгерлері, Конституциялық Сот судьялары мен ғалымдары қатысты.

 

Алексей ЛИВЕРОВСКИЙ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, РЕСЕЙ:

Конституцияның мәтіні емес,  орындалуы аса маңызды.  Конституциясындағы қағидалары ашық, еркін қоғам құруға бағытталғанмен, оның күнделікті өмірде пайдаланылуы көңілге қонымсыз елдер де бар. Ал Қазақстанның Ата Заңы болса, негізгі қағидалары мен орындалуы жағынан да атап өтуге тұрарлық, өркениетті Конституциялардың бірі.

 

 

 


Сурет: www.nur.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер