Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан мұздақтағы 25 көл табылды. Су жиналған ойпаттар Тянь-Шань тауларына жүргізілген аэровизуалды зерттеу кезінде анықталды. Теңіз деңгейінен 3500 мың метр биіктікте жатқан әр түрлі көлемдегі көлдер мұздақтар ерігеннен кейін пайда болған,-дейді мамандар. Оған қар мен жауын-шашынның суы құйылады. Мұздықтағы селдің алдын алу мақсатында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандарымен бірлесіп, тікұшақпен тау сілемдерін аралап,  әрбір көлдің  аумағы мен ондағы су деңгейі зерттелді. Болашақта адам ізі баспаған жерлердегі көлдердің тереңдігі мен сыйымдылығы тексерілмекші. 

 

Нұржан Әсибеков, облыстық ТЖД бөлім басшысы:

Соңғы кездері пайда болған. ОҚО бұрын бізде мұндай мұздақ өзендер болмаған. Қазіргі таңда біз осы зерттеу жұмыстары кезінде анықтап отырмыз. Аэровизуалды зерттеу болғанымен оның көлемі нақты мәліметтер әлі зерттелуде. Қазіргі таңда тауда қар аз деңгейді көп емес қазіргі таңда қауіп жоқ.

 

 

 

Сурет: tvk-uko.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер