Ата заңның қоғамдағы орны мен оның маңызын отандық және халықаралық сарапшылар талқылады. Астанадағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Конституция күніне орайластырылған. Жиын барысында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова: " Конституция талаптарын мүлтіксіз орындау - еліміздің тұрақты әрі қарқынды дамуының кепілі" деп атап өтті. Шара кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясы сынды өзге де халықаралық ұйымдардың құттықтаулары мен пікірлерін, ұсыныстарын жеткізді.

 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Негізгі заңда көрсетілген нормалардың арқасында елде ауқымды реформалар жүргізілді. Реформа өз кезегінде экономиканың өрлеуіне, қазақстандықтардың хал-ахуалының жақсаруына алып келді. Халықаралық аренада Қазақстанның беделі артты.  Қазір Қазақстанның ұлы мақсаты бар. Ол - осы ғасырдың ортасында әлемде дамыған 30 елдің қатарына кіру. Оны сәтті жүзеге асыру үшін жаңа экономикалық саясат "Нұрлы жол" және 5 инстутионалдық реформа  Ұлт жоспары жүзеге асырылуда.

 

 

 

Сурет: turkystan.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер