Атырау өңірінде алма өсіруге ден қойған шаруалар қатары артты.  Апорт, шафран және ақ алма сияқты жеміс ағашының түрлері Атыраудың  тұзды топырағына қарамастан, жайқалып өсіп тұр.

 

Юрий Тимофеев, агроном:

Барлық көшеттерді біз Волгоград қаласындағы тәлімбақтан арнайы әкелдік. Олар негізінен қысқа болып келеді. Өйткені сұрпы сондай. Бастысы,  біздің табиғатқа жерсініп кетті. 

 

Бақтағы жеміс ағаштарының басым бөлігі тамшылатып суғарылады. Жақсы күтімнің арқасында биылдың өзінде бағбандар 200 тоннаға жуық өнім жинапты.

 

Төлеген Жасимов, қожалық директорының орынбасары:

Алмадан түрлі джемдер, алманың түрлі соктарын шығару және алмадан алма қақтарын жасау жоспарда бар. Енді содан кейін жыл бойы алма өнімдерін сату үшін біз алма сақтайтын қоймаларды салу жоспарларымызда. 

 

 

 

Сурет: tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер