4 қыркүйекке дейін Мәскеу нағыз өнер ордасы болмақ. Яғни саябақтар мен сапаржайларда 20 шақты әскери оркестр өз өнерін ортаға салады. Олардың арасында еліміздің атынан қатысатын Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі де бар.

 

Ресейдегі кино жылына орайластырылған «Спасская башня» фестивалі Мәскеуде осымен 9-ші рет өтуде. Дүниежүзінен жиылған әскери оркестрлер түрлі жанрдағы әндерді орындайды. Мәселен, еліміздің Президент оркестрі  «Игра престолов» әйгілі хиқаясының саундтрегі мен «Иван Васильевич меняет профессию» атты фильміндегі әндерді өз репертуарына қосқан. Қызыл алаңдағы фестивальда қала тұрғындары үшін Мәскеу туралы әндер де шырқалды.  

 

Талғат Бердіғұлов, Президенттік оркестр басшысы:

Бес концерттің де репертуары ұлттық музыкадан алынды. Биыл Ресейде кино жылы екенін ескеріп, фильмдердегі белгілі музыкалық композицияларды алып келдік. Концерттік бағдарлама соңында біз қала тұрғындары үшін арнайы Мәскеу туралы әндерді орындаймыз.

 

 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер