Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. Елбасы Ата заң талаптарын мүлтіксіз орындау, рухын берік ұстану еліміздің табысты дамуының басты қайнар көзі мен кепілі болып саналатынын атап өтті. Президент  Конституция нормаларының арқасында экономикалық өсімді, халықтың әл-ауқатының артуын, халықаралық аренада республика беделінің жоғарылауын қамтамасыз еткен терең реформалар жүргізілгеніне тоқталған. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Конституцияда белгіленген қазақстандық құндылықтар «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде көрініс тапты. Осы орайда Елбасы  барша қазақстандықтарға бақ-береке тілеп, қоғам мен мемлекеттің ортақ күш-жігерінің Конституция әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталғанын атап өтті.

 

Қазақстан Респбуликасының Ата заңы 1995-ші жылы 30-шы тамызда елімізде бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл нұсқа  1993-ші жылғы Конституциядан мазмұнының сапасы жағынан ерекшеленеді. Жаңа Конституцияға азаматтың құқығына және адам дүниеге келген сәттен бастап одан ажырамас құқықтарына да қатысты ережелер  енді. Ата заң 9 бөлім 98 баптан тұрады. Онда жазылғандай, қазақстандықтардың ең  басты демократиялық құндылығы – бостандық, еркіндік және тәуелсіздік.

 

 

 

 

 

Сурет: liter.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер