Әлемде болып жатқан шиеленістер, түрлі санкциялар - келісіп, бейбіт жолмен шешуді талап етеді. Әлем елдерінің мақсаты - бейбіт өмір сүру жолын түсіндіру.  Астанадағы Ядролық қарусыз әлем конференциясы аясында «Тұрақты әлем географиясы» пленарлық отырысында халықаралық мамандар осылай деді.

 

Тимо ЛИКО ФИДЖИ РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

 

Ядросыз әлем – адамзат ұмтылуы тиіс ортақ мақсатымыз. Тек бірлесіп қана өз әлемімізді қауіпсіз және жақсырақ ете аламыз. Бүгінде адамзаттың ядролық коллапс қатерінде  шексіз үрейден құтылудың ғаламат мүмкіндігі бар. Ол үшін бүкіл ізгі ниетті адамдардың күш-жігерлерін біріктіруі аса маңызды. Астана конференциясы соның бір бастамасы деп білемін.

 

Ян ХОЕКЕМА, «ӘКІМДЕР ӘЛЕМ ҮШІН» ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ, (ГОЛЛАНДИЯ):

 

Бүгін  ядролық қаруға шектеу қою, оған бақылау орнату, сынақ алаңдарының жұмысын толығымен тоқтату жолындағы ұсыныстар көптеп айтылды. Осы бағыттағы  атқарылар іс-қимылдар жоспары әзірленетін болды. Әрі ол құжат Біріккен Ұлттар Ұйымына ұсынылады.

 

Сергей БАСАНОВ ЖЕНЕВАДАҒЫ ПАГУОШ ҚОЗҒАЛЫСЫ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Ядролық қарусыздандыру мәселесі тез шешілетін дүние емес. Алайда осындай жиындарда айталған пікірлер жиналып, ортақ бір ұйғарым болары анық. Бұл игі бастама міндетті түрде қолдаушыларын табады деген ойдамын.

 

Сурет: svsgo.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер