Мемлекет басшысы «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференция аясында шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Нұрсұлтан Назарбаев BBC, Euronews, CNBC Arabia, «Россия 24» телеарналары өкілдерімен әңгімелесу барысында Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жұмсаған күш-жігеріне, сондай-ақ конференция кезінде ұсынған бастамаларына қатысты сауалдарға жауап берді. Атап айтқанда, Елбасы Семей ядролық сынақ полигонының жабылу тарихы туралы әңгімелеп, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудің перспективаларына және осы саладағы сын-қатерлерді еңсеруге қатысты өз көзқарасын білдірді.

 

Парламентаралық одақпен әріптестік артуда

 

Елбасы конференцияға арнайы келген Парламентаралық одақтың төрағасы Сабер Чоуд-хури қабылдады. Кездесуде парламентаралық әріптестікті нығайтып, ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің перспективалары қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев елдердің парламентаралық тығыз байланысының, халықаралық қауіпсіздікті нығайту және ядролық қарудан азат әлем қалыптастыру үшін бірлесе қызмет ету жолында жұмылудың маңызын атады. Сабер Чоуд-хури - елімізбен стратегиялық және достық қатынасты одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

 

Елбасы ресейлік жазушымен кездесті

 

Сондай-ақ, Елбасы Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Леонид Млечинмен кездесті.  Жүздесу барысында заманауи әдебиеттің ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ қоғамдық дамудың өзекті мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы жазушының және барша әдебиет өкілдерінің оқырманды мәдени, әрі рухани байыту жолында сіңірген елеулі еңбегіне назар аударып, жұмысына жаңа табыс тіледі. 

 

Сурет: www.youtube.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер