Елордада Ата заңды ұлықтауға арналған «Конституция – қоғам мен мемлекеттің серпінді және тұрақты дамуының негізі» атты xалықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Екі күнге жоспарланған жиынға мемлекеттік құрылымдардың басшылары, әлемнің 10 елінен және 6 беделді xалықаралық ұйымынан келген шетелдік қонақтар қатысуда. Алқалы жиынды ашқан ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының қатысушыларға жолдаған xатын оқып берді. Онда бас құжаттың орындалуының арқасында  еліміздің ширек ғасырда толағай табыстарға қол жеткізгендігі айтылған.

 

ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова:

 

Ата-заң нормаларының арқасында елде сенімді экономикалық өсу мен қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы байқалды. Елдің xалықаралық аренадағы беделінің артуын қамтамасыз ететін түбейгелі реформалар жүргізілді. Конституцияда бекітілген құндылықтар «Мәңгілік ел» актісінде көрініс тапты. Қоғам мен мемлекеттің бірлескен күш жігері ата-заңымыздың әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталған.

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер