Пан Ги Мун Азия сапарына аттанды. Ол БҰҰ - Оңтүстік-шығыс Азия елдері қауымдастығының және Шығыс Азия форумына, сондай-ақ, Қытайда өтетін «Үлкен жиырмалықтың» жұмысына қатыспақ. Сапар алдында Пан Ги Мун БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйлеп, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні туралы тағы да  әңгіме қозғады. Ол БҰҰ штаб-пәтерінде «Адамзат пен қоршаған ортаның жер бетінен жойылып кетуін болдырмаудың бірден бір амалы -  жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту. Осы орайда қазақстандық бастама өте маңызды" -деді.

 

Ким ВОН СУ,  БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҚАРУСЫЗДАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ ӨКІЛІ:

 

Қазақстан Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесі көкейтесті және дер кезінде көтерілген бастама деп есептеймін.  Ядролық қарудан  азат  бейбіт өмірге деген ұмтылысы,  25 жыл бұрын Семей сынақ полигонын жабудан бастап, толықтай ядролық қарудан бас тартуға бағытталған  нақты қадамдары үшін  Қазақстанға зор алғысымызды білдіреміз.  Сондықтан, біз Қазақстанның  ядролық қаруға қатысты саясатын өте жоғары бағалаймыз.

 

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қасіретті қарудың тарауы лаңкестікке күш беруі әбден мүмкін екенін айтады. Оның үстіне әлем елдері арасында босқындардың емін-еркін көшіп-қонып жүруі қауіпті күшейте түседі.

 

Ким ВОН СУ,  БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҚАРУСЫЗДАНУ  ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ ӨКІЛІ:

 

БҰҰ-ның Бас хатшысы 9 жыл бұрын осы қызметіне тағайындалған кезде БҰҰ-ның қорғауындағы босқындар саны 20 миллиондай еді. Бүгінде олардың саны 60 миллионнан асып отыр. Нәтижесінде, дүниежүзілік қауымдастық  көптеген проблемаларға тап болуда.  Әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет көшбасшылары бірігіп жұмыс істей алатындықтарын тағы да көрсетуге тиісті. 

 

Сурет: geo-politica.info

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер