Қазақстан ядролық әлеуетінен толығымен бас тартқан әлемдегі бірінші ел. Мемлекет жаһандық деңгейдегі жаппай қырып-жою қаруына тыйым салу қозғалысының ең белсенді қатысушысы. Бұл туралы химиялық қаруға тыйым салу ұйымы департаментінің директоры Кай Чен мәлімдеді.

 

Кай ЧЕН, ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ҰЙЫМЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Қазақстан-ұйымның ең белсенді мүшелерінің бірі. Біздің  басты мақсатымыз - жаһандық деңгейде химиялық қаруды қолдануға тыйым салу. Қазақстанмен бірге химиялық қару қорының 90 пайызын жоюға ниеттіміз. Осы бағытта бірге жұмыс атқарып жатқанымзға қуаныштымыз. Болашақта да ынтымақтастығымыз жалғасады деген сенімдеміз. 

 

Сурет: tonkosti.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер