АҚШ пен Еуроодақ арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер нәтиже берген жоқ. Бұл туралы Германияның экономика министрі Зигмар Габриэль мәлімдеді. Саясаткердің айтуынша, келіссөзге қатысқан тараптар Транс-атлантикалық сауда және инвестициялық келісімнің бір де бір бабы бойынша ымыраға жете алған жоқ. Ал сарапшылар бұл келісім жүзеге асса, АҚШ пен Еуропада 13 миллион жаңа жұмыс орны ашылып, халықаралық сауда-саттықтың қарқыны өсер еді дейді. Алайда Еуропаның басым бөлігі АҚШ-пен келісім жасалса, өнім сапасының төмендеуіне әкеледі деп қауіптенеді. Себебі бағасы арзан да  сапасы төмен америкалық тауарлар дүкен сөрелерінде еуропалық тауарлардың орнын басады.

 

Сурет: www.youtube.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер