Атырау өңірінің  шаруалары тамшылатып суару әдісін  жетік меңгеріп,  мол өнім алып отыр. Махамбет ауданында үш жыл бұрын құрылған  «Агрофеликс» шаруа қожалығының бүгінде 240 гектар жері бар. Егіс алқабындағы дақылдар толығымен жаңа технологиямен өсірілген. Биыл жыл басында «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан фьючерстік келісімшарт негізінде 80 млн теңге алған болатын. Енді сол қаржыны жинаған өнімімен қайтарады.

 

Вячеслав ЮН, "АГРОФЕЛИКС" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Мемлекетіміздің және облыстық әкімдіктің демеуінің арқасында үлкен жетістіккке жетып отырмыз. Оған қоса көптеген субсидиялар аламыз. Ол қаржыға жанар-жағармай, заманауи ауылшаруашылығы техникаларын сатып алудамыз.

 

Аймақта соңғы жылдары кластерлік жобаларға баса мән берілуде.  Шаруа қожалығы көкөністен өзіндік құны жоғары  10 түрлі салат  өндіріп отыр. Табиғи таза өнім алдымен облыс халқына ұсынылады, бағасы да қалыпты.

 

Райгүл ҒҰМАРОВА, ТЕХНОЛОГ:

 

Біздің өнім табиғи таза. Себебі осы жерде жаңағы сәбіз, қияр, қырық қабат осы жерде туралып осында секірн, тұзын, майын қосамыз болды салат дайын. Сондықтан біздің өнім мұнда көп тұрып қалмайды. Кешке дайындап таң ертең магазиндерге тапсырамыз. Күніне біз 1,5 тонна салат дайындаймыз.   

 

Шаруашылықтың заман талабына сай салынған 8 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы қысы-жазы жұмыстың үзілмеуіне септігін тигізіп отыр. Яғни бизнестің бірқалыпты дамуын қамтамасыз етуде. Егіс алқабында 90 адам және салат жасаушылар мен қоймада тағы 20 шақты жергілікті тұрғын еңбек етеді. Шаруа қожалықтары өңірдің азық-түлік қорын жергілікті өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды.   

 

Сурет:  turkystan.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер