Батыс Қазақстандағы  "Азаматтық альянсы" қауымдастығы қолға алған "Қоғамдық қабылдаудың" қызметі сан алуан саланы қамтиды. Әлеуметтік жоба аясында өңір тұрғындары сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, білім беру, денсаулық сақтау,  әлеуметтік көмек алу және өзге де мәселелер бойынша тиісті мамандардан кеңес алады.  "100 нақты қадам" ұлт жоспарында белгіленген басым міндеттің бірі - азаматтық қоғам институтын нығайту. Бұл ретте елімізде құрылған қоғамдық кеңестің алар орны ерекше. Оның сыртында түрлі әлеуметтік тапсырыстар шеңберінде жүзеге асатын мақсатты жобалардың да пайдасы ұшан-теңіз" дейді ұйым өкілдері.    

 

Айзада ӘБДІРАХМАНОВА, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛІ:

 

Жаңа ғана алғашқылардың бірі болып осы «Азаматтық бақылау» жобасының қоғамдық қабылдауында болдық. Біздің қоғамдық ұйым балалар үйі түлектерін жұмысқа орналастырумен айналысады. Бұл істе көбіне жекеменшік нысандағы кәсіпорындардың бірінші кезекте қол ұшын созатыны рас. Ендігі мақсатымыз-бұған мемлекеттік мекеме-ұйымдарды да көбірек қатыстыру. Қоғамдық қабылдау барысында осыған орай нақты ұысыныс-пікір естідік.         

 

Мирболат НҰРТАЗИН,  ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ МИНИСТРЛІГІ БҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 

Ең бастысы, мына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының.  мемлекеттік қызмет туралы заңы, «Ар-намыс Кодексі, қазіргі «Әдеп Кодексі» қабылданған, осылардың сақталуы жөнінде қоғам өкілдеріне кеңес бере аламыз. Осы кеңес арқылы біздер азаматтардың, жалпы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Осы қоғамдық қабылдауға келіп жатқан азаматтармен осы бағытта ағарту жұмыстарын жүргіземіз. 

 

Сурет: yvision.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер