Оңтүстік Қазақстан облысынан 300 тоннадан астам бау-бақша өнімдерін тиеген 24 авткөлік жолға шықты. Олар еліміздің Батыс және Солтүстік өңірлеріне дәмі тіл үйіретін қауын-қарбыз бен көкөніс жеткізеді. «Жасыл өнімге-Жасыл жол» шарасы аясында көліктерді діттеген жеріне дейін жол сақшылары жеткізіп салады. Бұл керуеннің кедергісіз жүруіне мүмкіндік бермек. Жер емген шаруалардың өнімдері Кедендік одаққа мүше елдерге де жеткізіліп жатыр. Тамызда басталған дәстүрлі жасыл керуен шарасы қазан айына дейін жалғасады .Жалпы, күні бүгінге дейін аймақ  диқандары бір жарым миллион тоннадан астам бау-бақша мен көкөніс жинап үлгерген. 

 

Тұрғанбек Оспанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Бізде ауыл шаруашылық өнімдері барлық теңгерім бойынша 2 миллион 900 мың халыққа өзімізге жергілікті қажеттілікке қарағанда мысалы, бақшадан 19 есе, пияз бен помидордан 8 есе, қияр 5есе артық өндіреміз. Осы өндірілген өнімдер Солтүстік өңірлерге жіберіліп отыр.

 

Әмірәлі Раев, диқан:

Бізге өте тиімді. Осы акцияға бола келдік.Бізге барлық жол ашылған ешқандай кедергі жоқ. Өнімімізді қалаған бағамен базарға сатамыз.

 

 

 

 

Сурет: market.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер