Қазақстан инвесторларды қорғау көрсеткіші бойынша 189 елдің ішінде 25 орында. Бұл туралы Астанада инвестициялық мәселелерге арналған жиында айтылды. Былтыр әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға байланысты елге тартылған тікелей инвестиция көлемі 30 пайызға азайған. Биыл жағдай оңалды. Жалпы соңғы 10 жыл ішінде мемлекетіміз шетелден 226 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тартқан.  Бүгінде шетелдік инвесторлар 300-ден астам жобаға қолдау көрсетуде.

 

Борисбий ЖАНГУРАЗОВ, «KAZNEX INVEST» «ЭКСПОРТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІГІ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 

Дәстүр бойынша инвестицияның негізгі бөлігі Нидерландыдан келіп жатыр. Ол 65 млрд доллар шамасында. АҚШ-тан 25 млрд доллар жетті. Швейцария 15 млрд доллар инвестиция салды. Қытай, Франция, Ұлыбритания, Ресей сияқты елдер үшін де Қазақстан инвестициялық тұрғыда тартымды.  

 

Сурет: invest.mid.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер