Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рио-де-Жанейродан оралған олимпиада жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтады. 270 мемлекеттің ішінде 22-ші орынға тұрақтаған Қазақстан құрамасының жетістігі өскелең ұрпаққа үлгі екенін, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына жасалған үлкен тарту екенін атап өтті. Биылғы олимпиада Қазақстан үшін жемісті болды. Қоржын 17 медальмен толықты. Мұндай көрсеткіш бұрын- сонды болмаған. Нұрсұлтан Назарбаев олжалы көрсеткішке қол жеткізген спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына алғыс айтты.  Және ел абыройын асқақтатқан спортшыларды 2-ші дәрежелі «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапаттады.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Біздің спортымыздың дүниедегі бәсекелестікке қабілеттілігін көрсетті. Рио де Жанейродағы жарқын жеңістер жастардың жігерін жандырып, жаңа биіктерге жетеледі. Көп біздің жасөспірімдер спортқа ынтығатын болды. Өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін күшейтіп, миллиондаған жастың спортқа құлшынысын арттырды деп білемін. Асқақ армандарға бірге ұмтылған тілегі ортақ, мақсаты бір халқымыздың ынтымақ пен бірлігі одан ары нығая түсті. Біздің биіктерге бастайтын жаңа қазақстандық құндылықтарды барша әлем тағы да бір рет сенді. 16 млн нан артық халқымыздың ортақ қуанышына айналған 17 медаль қастерлі тәуелсіздік мерекесіне тамаша тарту болып табылады. 

 

Сурет: massaget.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер