Осыдан 25 жыл бұрын әлем қауіпсіздігі үшін ең маңызды қадам жасалды. 1991 жылдың дәл осы мезгілінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық полигонын жабық деп жариялады. Сөйтіп, халықаралық қауымдастықты қарусыздану қағидасына үндеді.

 

Алексей ПИЛЬКО, ЕУРАЗИЯЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

 

Семей полигонының жабылуы қарусыздану қадамына бастау болды. Яғни, Қазақстан қауіпсіздікті орнатып, бейбітшілікті үндеп, әлемге үлгі көрсетті. Себебі, бұл мемлекет ядролық ең үлкен күш-қуатқа ие болатын. Тіпті, Қытай, Франция, Ұлыбритания сынды елдермен бір қатарда тұрды.

 

Дмитрий ЖУРАВЛЕВ, АЙМАҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 

Қазір Семей полигоны бейбітшілік символына айналды. Оған осындай жоғары баға берілді. Полигонның жабылуы соңғы 30 жылда болған ең маңызды оқиға екені анық.

 

Сурет: egemen.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер