ТМД елдерінің бір топ ғалымы Алматыдағы Ядролық физика институтының зерттеу реакторымен танысты. Реактор жаңғыртудан өтіп, басқару, қорғаныс және радиациялық бақылау жүйелері тұтас жаңартылған. Электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету мен апаттық суыту ісі жолға қойылған. Құрылғы аз байытылған уранмен жұмыс істейді. Мұндай отын қауіпсіз және тек бейбіт мақсатта қолданылады. Ол электр қуатын немесе жылу бермейді. Зерттеу реакторы арқылы нейтрондар жасалады. Ал олардың көмегімен пайдалы заттар алуға болады. Ең әуелі медицина мен өнеркәсіп саласында қолданылатын радио изатоптар алынады.

 

Александр АЛБУЛ, КУРЧАТОВ ЯДРОЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІНІҢ ӨКІЛІ:

 

Реактор жоғары байытылған ураннан аз байытылған уранға сауатты түрде ауыстырылған. Техникалық жағдайы жақсы. Институтқа, мемлекетке, жалпы ғылымға көп пайдасын тигізеді деп ойлаймын.   

 

Сурет: ortcom.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер