Сырбойылық кәсіпкерлер өз өнімдерін "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауына ұсынып жатыр. Жаңа тұтынушы ортаны тауып, іскерлік байланыстар орнатуға арналған бірегей шараға 18 тауар өндіруші қатысты. Сыр өңірінде өндіріліп, өңделген өнімдердің үздігі 3 бағыт бойынша сараланды. "Өндірістік мақсаттағы үздік тауар" аталымында Шиелі ауданындағы «Қазақстандық мұнай химиялық Кемикал» компаниясы І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал "Халық тұтынатын үздік тауар" номинациясы бойынша жиһаз жасаушы жеке кәсіпкер Шауқат Құрбанбаев топ жарды. "Үздік азық-түлік тауары" бәсінде қазалылық "Сыр Маржаны" серіктестігі жеңіп шықты. Ел нарығын жоғары сапалы тауармен қамтып, отандық өнім үлесін арттыруға арналған байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

 

Арай НӘКИЕВА, "СЫР МАРЖАНЫ" ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 

2016 жылы 2100га жерге күріш, 100 га бидай, 1700 га көне жоңышқа, 450 га жаңа жоңышқа егілді. «Үздік тауар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанғанымызға өте қуаныштымыз. Алдағы уақытта одан да үлкен жетістіктерге жетеміз деген үміттеміз. Сапаға зор мән береміз.

 

Сурет: ortcom.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер