Солтүстік Қазақстан облысының археологтары темір дәуіріне жататын металлургиялық пештердің қалдықтарын тапты. Осыдан 2 мың жыл бұрын Ақири қалашығында мекен еткен сақтар темір-терсекті балқытып, қару жарақ, еңбек құралдары мен әшекей бұйымдарын жасаған.

 

Анатолий ПЛЕШАКОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

 

Металл кез – келген қалашықта өңделе бермеген. Ал осы жердің сақтары батпақ темірін пайдаланып, қару – жарақ, еңбек құралдары мен әшекей бұйымдарын дайындаған. Бұл өте сирек кездесетін жағдай.

 

Анатолий Плешаков – ерте темір дәуіріне жататын тұрақты тапқан тарихшылардың бірі. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы оқушыларымен бірге осында келіп, қазба жұмыстарын жүргізеді. Соңғы жылдары олар айналаны арнайы ұшақпен зерттеп жүр.

 

Николай ВАСИЛЬЕВ, МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 

Біздің аймақ аз зерттелген деуге болады. Тарихи жәдігерлерге малшылар да тап болып жатады. Жазық жерлерді аспаннан суретке түсіріп, зерттейміз. Сондықтан ұшақтың көмегі көп.

 

Тарихшылар Долматово ауылы маңындағы қалашықты «Ақири» деп атайды. Иран тілінен аударсақ, «жұмақ» дегенді білдіреді. Көне тұрақтың тұрғындары Есіл өзенінің бойындағы жарға жайғасқан. Анатолий Плешаковтың айтуынша, Ақири қалашығы  Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағына жатады. Қазір тарихшы айналаны аспан астындағы мұражайға айналдыруды қолға алды.

 

Сурет: bit.ly

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер