Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Сербиядағы ресми сапары аясында ел президенті, өзінің үзеңгілесі Томислав Николичке Қазақстан-Сербия байланысын нығайтуға қосқан үлесі үшін бірінші дәрежелі Достық орденін табыс етті. Президенттер  жоғары деңгейдегі кездесуде екі елдің арасындағы дипломатиялық байланыс орнаған 20 жыл ішінде атқарылған істерді саралады. Сербия жақсы қарым-қатынасты əсіресе экономикалық тұрғыдан бекемдеуге мүдделіекенін білдірді. Мұнымен қоса, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мəселелері де сөз болды. Сондай ақ тараптар сотталған адамдарды беру туралы келісім жасасты. Мұнымен қоса Сербия Астанада өтетін ЭКСПО 2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растаса, Алматы облысы және Воеводина  автономды өлкесімен ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

 

Томислав Николич, Сербия Республикасының Президенті:

Құрметті Президент мырза қош келдіңіз.Сізді Сербияда қабылдау мен үшін үлкен мәртебе.Біздің бұл кездесуіміз достық байланыстарымызды одан әрі бекемдей түсетіндігіне сенімдімін.Сербия  елі үшін Қазақстанның өзгелерден орыны бөлек.

 

 

 

Фото: akorda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер