Әлемдегі ядролық қарусыздандыру мен  халықаралық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Астанада 29-шы тамыз күні "Ядролық қарусыз әлем құру" атты халықаралық конференция барысында қабылданатын құжаттың басты тетіктері осылар болмақ. Бұл туралы Сенат депутаты Икрам Адырбеков орталық коммуникациялар брифингінде хабарлады. Шара Семей полигоны жабылуының 25 жылдығына орай ұйымдастырылмақ. Форумға 50 елден келетін 200-дей делегат қатыспақ. Олардың арасында халықаралық ұйым жетекшілері, беделді саясаткерлер, Парламент өкілдері мен сарапшылар бар. Ядролық қарудан бас тарту мен оны таратпау мәселелері елпарламентінің пленарлық сессиясы аясында  талқыға салынады. 

 

Икрам Адырбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Осы форумда талқылауға қорытынды құжат ұсынылмақшы. Оның негізгі аты қазір "Астана Вижн: Ядролық тұманнан ядролық қарусыз әлемге дейін" деген сондай атпен нұсынылатын болады. Әзір ол құжат үстінде. Оған байланысты сол форумға қатысушылардың атынан әр түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Форум барысында құжаттың мазмұнымен таныстыратын боламыз.

 

 

 

Сурет: keyboard09.livejournal.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер