Оңтүстік Қазақстанның Өгем шатқалында көне қалашықтың орны табылды. Бұл жерде мамандардың сөзіне қарағанда ру не тайпа көсемдері тұрған болуы мүмкін. Археологиялық топ жетекшісі тұрғындар қаладан үй-жайын тастап аяқ астынан көшіп кеткен болуы мүмкін,дейді.Өйткені бөлмедегі ыдыс-аяқтардың бірлі жарымы болмас басқасы сол күйі сақталған.Оған тайпалар арасында жиі орын алып тұратын соғыс та сеп болуы мүмкін,дейді ғалым.  Қазба жұмыстары аяқталғанан соң  аршып алынған жәдігерлер орталық мұражайға өткізіледі.

 

Тарихшылар бұл жәдігерлер көшпенді халықтың аңшылықпен қатар егіншілікпен де айналысқан деп болжайды.

 

 Александр Подушкин, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры:

Біз Қаңлы заманына тиесілі ең үлкен ғимараттың орнын таптық,деп айтуға болады.Мынандай диірмен жалпы бұған дейінгі қазба жұмыстары кезінде еш жерде кездескен емес.Ал,ең негізгісі оның қасындағы қол орақ болып тұр.Бұл жердің табиғаты өте қатал.Қысы алты айға созылады.Соған қарамастан жұрт бидай егіп оны жинап,ұнтақтап тартып алған.

 

Бөлмедегі қыш құмыралар мен ошақ пештің орны анық көрініп тұр. Үйдің іргесі таспен қаланып еденіне қиыршық тас төселген. Көне бұйымдардың  арасында жебенің ұшы мен түрлі аңдардың сүйегі, тіпті маралдың мүйізі де бар. Ескі қалашық біздің дәуірімізге дейін және осы ғасырдың бас кезінде өмір сүрген тарихы аз зерттелген Қаңлы тайпаларына тиесілі,-дейді мамандар.

 

 Александр Подушкин, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры:

Бұған дейінгі жүргізілген қазба кезінде дәл осындай үлкен қалашықтың орны табылған емес. Бұл Қаңлы тайпасына қатысты тың жаңалық деуге болады. Көшпенділер туралы тек Қытай жазбаларында кездеседі.Оның өзі шағын ғана.Жәдігерлер тарихтың айқын дәлелі бола алады. 

 

 

 

Сурет: www.fhc.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер