Жыл соңына дейін 93 балабақша қолданысқа беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. Оның 11-і Ұлттық қор есебінен қаржыландырылады. Нәтижесінде 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 82,7 пайызға жетеді. Оған қоса биыл 92 мектеп іске қосылады деп жоспарланып отыр. Оның 60-ы 1-ші қыркүйекке дейін ашылады. Министрлік жаңа оқу жылына оқулықтар жеткізу 99 пайыз жүзеге асқанын да алға тартты. Ал «мектепке жол» акциясының аясында 280 мың балаға көмек қолы созылады. Тағы бір жаңалық, 1-ші қыркүйектен бастап «күнделік.кз» бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі жұмыс істейді. Жобанының көмегімен оқушылардың үлгерімін ата-аналары елдің кез келген түкпірінен бақылай алады. Сонымен қатар, мұғалімдерге көмекші болар жаңа платформа да ұсынылмақ.

 

Санжар КЕНЖЕХАН, "BILIM MEDIA GROUP" ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Біз сапалы мазмұнға толы, білім кз платформасын жасадық.Білімнет кз ұстазға интерактивті көмекші құрал болуға арналған білім беретін платформа.3028 Кейбір мектептердің интернеті шектеулі болғандықтан, бізде интернетке тәуелсіз білімбокс деген нанотехнология компьютері бар. Бұл кез келген мектептің ішіндегі жергілікті торабына қосылады да бүкіліне қолжетімді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер