Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде болып, азаматтарға жаппай декларация тапсырудың жай-жапсары туралы кеңес беруді ұсынды. Депутаттың айтуынша, мүлікті жария ету шарасы туралы мемлекеттік қызметкерлерге толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Енді қатардағы азаматтарды да шараның барысы туралы құлақтандыру керек. Естеріңізге сала кетейік, 2017-ші жылдан бастап 1,7 миллион мемлекеттік кәсіпорын мен ұлттық компания қызметкерлері жаппай декларация тапсырады. Ал 2020 жылдан бастап барлық азаматтар мүліктерін жария ететін болады. 

 

Светлана Бычкова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Халықтың көбі  мүлікті жария ету туралы біле бермейді. Құжат толтырудан бастап, маңызы, оның жауапкершілігі туралы мәселелер бар. Сондықтан уақыт өткізбей, жаппай декларация тапсыруға дайындықты қазірден бастау керек. 

 

 

 

Сурет: www.astana-akshamy.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер