Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында жүгері кластері қарқынды дамуда. Биоэтанол өндірісін жолға қою жағы да қарастырылған. Егіншіліктің осы түріне қаражат салуды шетелдік инвесторлар да ойластырып отыр. Ал әзірге диқандар өнімді сақтайтын қоймалар құрылысын бастаған. Олардың бірі осы күзде пайдалануға берілмек.

 

Индустриалды аймақтағы жаңа зауыт жылына 60 тонна астық сақтауға мүмкіндігі бар. Онда тұрақты түрде 16 адам жұмыспен қамтылады. Жиын-терін кезінде тағы 30 жергілікті тұрғынды жұмылдыру жоспарда бар. Жаңа өндіріске 600 млн.теңге салынған.

 

Әбутәліп ҮСЕНОВ, ИНЖЕНЕР-ТЕХНОЛОГ:

Екінші кезеңде 17-18 жылдарда біз мынау жүгері дәнін тереңдетіп өңдеу арқылы құрама жем дайындау басқа да осы жүгері дақылынан шығатын өнімдерді өңдеп, халық қажетіне жаратуға біздің жоспарымыз бар.

 

Қайта өңдеушілердің өз егін алқаптары бар. Бірақ жетіспегенін жергілікті шаруалардан сатып алмақ. Олармен де келісім жасалған. Дайын өнімді де сол қожалық иелеріне өткізбек. Алдағы 5 жылда өңірде жүгері өндіру екі есеге ұлғаяды деп күтілуде. Оларды өңдейтін жаңа кәсіпорындар ашылады. Мәселен аймақ бензинге қосатын биоэтанол өсімдік майын шығаруды жоспарлайды. Мамандардың айтуынша, ол жанармай сапасын жақсартып, қоршаған ортаға зиянын азайтады. Қазақстан бойынша ондай зауыт әзірге жоқ.

 

Ерлан АЙТАХАНОВ, ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізу үстіндеміз. Бәрі осы белгіленген мерзімде барлық мәселелер талқылап шешімін тапса келесі жылы осы жобаның құрылысы басталады деген үмітіміз бар. Бұл ауданға үлкен көмек. Терең өңдеудің арқасында жергілікті бюджетке тиісті түсімдер де түсетін болады.

 

Жаңа өндіріс кешенін құру арқылы бірнеше мәселенің шешімін табуға болады. Ол жаңа жұмыс орнының ашылуы мен жұмыссыздық деңгейін төмендету.

 

 

 

Сурет: agrobk.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер