Жаңа оқу жылы қарсаңында солтүстікте 12 бастауыш мектеп жабылған. Бұл туралы облыстық білім  басқармасының басшысы хабарлады.

 

Білім ордалары оқушылардың аздығынан жұмысын тоқтатқан. Аймақта мұнан бөлек тағы 170 білім ошағы белгіленген нормативке сәйкес келмейді. Демек, оқушылар саны көбеймесе, алдағы уақытта жабылуы мүмкін. Ал жұмысын тоқтатқан 12 мектепте бас-аяғы 42 бала оқып келген. Оларды жақын маңдағы мектептерге орналастыру қаралуда. 

 

Қызылжар өңірінде 519 мектеп бар. Биыл 9 мыңға жуық бүлдіршін бірінші сыныпқа бармақ. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 560 балаға артық. Аймақта үш ауысымдық білім беру проблемасы толығымен жойылды. Мектеп тапшылығы байқалған Мүсірепов және Тайынша аудандарында 2 жаңа білім ошағы бой көтерді, деп хабарлайды Астана ТВ.

 

 

 

Сурет: nspshk2.ucoz.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер