Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  ресми сапармен Сербияға барды.

 

Сербияда  мұндай құрмет тек ең мәртебелі меймандарға ғана тиесілі.  Сербия Президенті Томислав Николич  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты зор құрметпен  қарсы алды. 1947 жылы  іргетасы қаланған  «Сербия»  сарайы Белградта  ресми қабылдаулар өтетін ғимарат ретінде танымал. Бірнеше мəрте халықаралық ұйымдарда Сербияға қолдау танытып жүрген Қазақстан Президентінің сербтар үшін шоқтығы биік.

 

Ресми шарадан кейін екі ел басшысы бірден екі жақты кездесулерге кірісті. Тараптар дипломатиялық байланыс орнаған 20 жыл ішінде атқарылған істерді саралады. Сербия жақсы қарым-қатынасты əсіресе экономикалық тұрғыдан бекемдеуге мүдделі. Мұнымен қоса, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мəселелері де сөз болды. Кездесу соңында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Сербия байланысын нығайтуға қосқан үлесі үшін үзеңгілесіне бірінші дәрежелі Достық орденін табыс етті.   

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Встреча проходит в период, когда мы отмечаем 25-летие независимости Казахстана и 20-летие с момента установления дипломатических отношений с Сербией. Надеюсь, что это будет способствовать расширению товарооборота, активизации экономического и политического сотрудничества. Мы намерены сотрудничать в области сельского хозяйства, металлургии, строительства, медицины и фармацевтики. Казахстан и Сербия имеют взаимодополняемые экономики, и партнерство может принести выгоду для обеих сторон.

 

Томислав НИКОЛИЧ, СЕРБИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Құрметті Президент мырза қош келдіңіз.Сізді Сербияда қабылдау мен үшін үлкен мәртебе.Біздің бұл кездесуіміз достық байланыстарымызды одан әрі бекемдей түсетіндігіне сенімдімін.Сербия  елі үшін Қазақстанның өзгелерден орыны бөлек.

 

Әрі қарай тараптар сотталған адамдарды беру туралы келісім жасасты. Мұнымен қоса Сербия Астанада өтетін ЭКСПО 2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растаса, Алматы облысы және Воеводина  автономды өлкесімен ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Екі елдің арасында ешқандай саяси жағынан басқа да жағынан келіспеушілік жоқ.Сондықтан бұл елмен сауда саттық жасап, достықты нығайту Қазақстан үшін өте қажет.Сербияда инвестиция мен инновация жөнінен жетістіктер өте көп.Сондықтан біз бұл елмен сауда саттық жасаудың жаңа саласын ашайық деп отырмыз.

 

Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы  2015 жылы 56 млн долларға жуықтаса, биыл қаңтар-мамыр айлары аралығында бұл көрсеткіш 11 млн долларды құраған.

 

Горан КНЕЖЕВИЧ, СЕРБИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 

 Біз ең әуелі өзіміздің жеке қаржымызды жұмылдыруға ниеттіміз. Сол себепті де біздің алдымызда  тұрған басты мәселе  Сербиялық кәсіпкерлерді Қазақстандық жобаларға барынша тарту.Өйткені олардың әлеуеті артқан сайын қос елдің кіріс көзіде артатыны белгілі.

 

Владимир МИЛОВАНОВИЧ, ҚАЗАҚСТАН-СЕРБИЯ ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІНІҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ:

 

Біздің өз саламызда  тәжірибеміз жеткілікті. Қазіргі біздің  мақсатымыз қазақстандық компаниялар мен тығыз байланыс орнату.Сондай-ақ сіздердің елдеріңізде инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Оны біз Сербиялық бизнесмендерге егжей-тегжейлі түсіндіруіміз шарт. Себебі бүгінде Қазақстан сияқты экономикасы тұрақты елге ивестиция құямын деушілердің қатары көбеюде.

 

Сондай-ақ елбасы  сапар аясында  Сербия Республикасының Премьер министрі  Александр Вучичпен де кездесіп өзекті де өткір мәселелерді талқылады.

 

Сурет: www.inform.kz

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер