Нұрсұлтан Назарбаевтың Варшаваға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Польша бизнес форумы өтті. Қос тараптан да қызығушылық жоғары. Қазақстаннан 100-ден астам бизнесмен келсе, жергілікті кәсіпкерлердің саны - жеті жүз. Серіктестік пен инвестицияға Қазақстан есігі айқара ашық. Бірақ басымдық өңдеу саласына  берілмек. Бұл бағытты поляктар қуана құптап отыр. 25 жылда бірін-бірі зерттеп болған тараптар, енді білек сыбана жұмыс істеуі  тиіс. Польшаның ІЖӨ-нің 67 пайызы шағын және орта кәсіптің еншісінде. Ал бізде шағын және орта бизнестің үлесі 30 пайыз шамасында. Демек, поляктардан үйренеріміз бар. Әсіресе, ауыл  шаруашылығында.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Польшада ауыл шаруашылығы кең жолға қойылған. Көкөніс, ет, сүт алдыңғы қатарда. Соны үйренуіміз керек. Сондықтан біз өсіп-өнейік десек, бизнеске жол ашу керек деген сөз. 25 млрд  экспортирует аграрный сектор. Нам надо изучить этот опыт.

 

Поляк бизнесмендерінің тәжірибе бөлісіп қана қоймай, осы салаға инвестиция салуына мүмкіншілігі бар. Бизнес форум аясында біраз кәсіпкерлер тілдесіп, келіссөздер жүргізді. Осы күні құны 1 млрд долларды құрайтын 17  келісімге қол қойылды. Құжаттар сан саланы қамтиды. Сондай-ақ, Польша Қазақстанның транзиттік әлеуетіне қызығуда. Ол арқылы Еуразиялық экономикалық одақ  мемлекеттері, Орталық Азия, Қытай, Үндістан мен Иран нарықтарына шықпақ.

 

Батыс пен шығысты ұштастыратын үлкен дәліздердің бір бөлігі Ресей, екіншісі Польша арқылы өтеді. Елбасы форум барысында транзит жөнінде үшжақты келісім жасауды ұсынды.

 

Жалпы сапар саяси, экономикалық жағынан жемісті болды деуге негіз бар. Польша Қазақстанды әлеуеті зор бес нарықтың қатарына қосып отыр. Оны игеруүшін арнайы үкіметтік  бағдарлама әзірледі. Демек, жасалған келіссөз бен келісімнің келешегі кемел. 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер