Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуропаға сапары одан әрі жалғасуда. Қазақстан  Президенті  Польшадағы  кездесулерден кейін бірден  Сербияға жол тартты. Былтыр Сербия Президенті  Томислав Николич Астанаға арнайы ат басын бұрса, енді міне  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Белградқа ресми сапармен барды. Қазақ көшбасшысын ел Президенті Томислав Николич барлық сән- салтанатымен қарсы алды. Қос тараптың талқылайтын тақырыбы жетерлік. Осыдан бір жыл бұрын Астанаға сапары барысында  Сербия Президенті ресми Белград интеграцияға бейім екенін мəлімдеген болатын. Екі ел  басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың  біртұтас  нарығы аясындағы әріптестік мүмкіндіктерін де жан-жақты талқылаған. Бұл жолғы кездесулер сол келісімдерді бекемдемек. Біздің үкімет  сербиялықтармен ауыл шаруашылығы, фармацевтика, құрылыс, көлік-коммуникациясы салаларында  əріптестік орнатуға мүдделі. Өйткені Сербия қашанда бай ғылыми әрі кадрлық әлеуетімен танымал. Бұл сапар мəдени мұраны жандандыруға да сеп болмақ. Елбасы Белградта қазақтың ақиық ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланып отыр. 

 

Сурет: www.votpusk.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер