ТМД Зерттеу реакторлары коалициясының жыл сайынғы кеңесі алғаш рет Қазақстанда өтіп жатыр. Бұл атомды бейбіт мақсатта қолданатын елдердің жабық клубы іспеттес. Қазақстанда радиоактивті изотоптар тек өнеркәсіптке, металлургия мен химия саласында кәдеге жарап келген. Енді тағы бір инновациялық бағыт - ядролық медицинаға көңіл бөлінуде.    

 

Саябек САХИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 

Радиоактивті дәрі-дәрмектер тек диагностикада ғана емес емдеуде де қолданылады. Ол үшін әуелі білікті мамандар қажет. Ядролық физика институты ядролық медицина саласының көшбасында жүрері анық. Өйткені біз өзіміздің азаматтар үшін радиоактивті дәрі-дәрмектердің көп түрін жасаймыз.

 

Қазақстанда ядролық медицинамен қатар радионуклидті терапияны да енгізу жоспарланып отыр. Бұл онкологияда таптырмас ем. Осы жобаларды енгізу үшін 10-15 жыл уақыт қажет,- дейді мамандар.

 

Дэвид СИЭРС, МАГАТЭ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Ядролық саладағы Қазақстанның орны ерекше. Жоғары байытылған уранмен жұмыс істейтін реакторды аз байытылған отынға ауыстыру өте маңызды. Қазақстанның ірі Семей ядролық сынақ полигонын жабуы - үлкен іс. Қазақстан аз байытылған отын банкін құруды жоспарлап отыр. Осы салада атқарылатын жұмыстарда Қазақстанның өз орны болады.  

 

МАГАТЭ-ге мүше 33 ел Алматыдағы Ядролық физика институтындағы сияқты зерттеу раекторын салуды жоспарлауда. Кейбірі тіпті құрылысты бастап та кеткен. 

 

Сурет: annisa-today.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер